Аталған тақырып бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов және тағы басқалар сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкімет отырысына шығару үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің даму болжамы мен бюджет параметрлерін пысықтауды тапсырды.