Үкімет Үйінде мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру аясында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.