Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен тұрғындарды еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен тұрғындарды еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоаралық комиссия мүшелері «Жол картасының» іске асырылу барысы, атап айтқанда, тұрғындарды еңбекпен қамту, мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізу, сондай-ақ тұрғын үй ? коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту және қайта жөндеу мәселелерінің барысын талқылады.Үкімет әзірлеген іс-қимыл жоспары («Жол картасы») жаһандық экономикалық үрдістерді ескеріп, өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің азаюы салдарын еңсеруді көздейді. Үкімет тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай туғызуға қатысты іс-шараларды қолға алуда.«Жол картасы» - Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы бағдарламаның қисынды жалғасы.