Ветеринарлық қызмет дамуының төмен деңгейі құс тұмауы өршуінің алдын алу бойынша шараларды дер уақытында қабылдауға мүмкіндік бермеді. Құстардың жалпы өлім-жітімі жеке аулаларда 24 мыңнан астамды, негізгі екі құс фабрикасында 500 мыңнан астамды құрады. Сондықтан та ахуал өте күрделі. Оған барынша байыппен назар аударған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ветеринарлық қызмет елдің биологиялық қауіпсіздігі жалпы жүйесінің бір бөлігі екендігіне назар аудартты.
«Үкіметке ветеринарлық қызметті нығайту бойынша кешенді шаралар әзірлеу қажет. Өйткені, ветеринралық қызметтің даму деңгейі қауіпсіздік мәселелерімен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігіне де тікелей әсер етеді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.