«Үкіметпен әзірленген жаңа халықаралық университет мәртебесі, оның қоры мен интелектуальдық мектептер туралы заң жобасы жақында Парламент қарауына беріледі. Бұл құжат қазақстандық білім сапасының деңгейін көтеруге бағытталып, инновациялық бағдарламаларды, ғылыми жобаларды енгізуді көздейді», деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге Елбасы Парламенттің қарауында денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерін корпоративтік басқару элементтері туралы заң жобасы жатқанын да еске салды. Президенттің айтуынша, аталған заңды қабылдау медициналық мекеме қызметі бойынша мемлекеттік бақылау тетігін күшейтетін болады.