АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың отбасына Үкіметтің атынан және өз атынан көңіл айтты.
«Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді», - деп атап өтті К.Мәсімов.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен Жаңаөзен қаласының жағдайын қалпына келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада төтенше жағдай енгізген болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.