Бұл комисссия 17 маусымда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы қаулыға сәйкес құрылып отыр.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін белгілеу бойынша ұсыныстар берсін», - делінген қаулыда. Сонымен қатар Экономикалық даму және сауда министрлігіне екі ай мерзімде ҚР Үкіметінің бекітуіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін енгізу тапсырылған.
Комиссия ҚР Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Комиссияның мынадай негізгі міндеттері бар:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
2) Қазақстанда сауда қызметін реттеу саласындағы саясатты қалыптастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін арттыру бойынша жергілікті атқарушы орган ұсынылған өтінімді қарайды;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерді белгілеу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған қорытылған экономикалық сараптаманы қарайды;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің орындылығы туралы ұсыныстарды қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев. Комиссияның құрамына мыналар кіріп отыр:
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы даму және сауда вице-министрі, хатшы
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
Мәжит Төлеубекұлы агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Перуашев - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігінің Басқарма төрағасы (келісім
бойынша)