деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен мұны өте маңызды мәселе деп есептеймін және Үкімет жанынан құрылыс саласын реформалау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Сондықтан бекітілген мерзімде аталмыш комиссияны құру туралы менің қаулымның жобасын енгізіңіздер. Ресурстар жөніндегі ұсынысты да республикалық бюджеттік комиссияның отырысына шығарыңыздар», деді бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Құрылыс істері және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокинге қаратып айтқан сөзінде.
Айта кетейік, отырысты С. Нокин Үкіметтің тапсырмасы бойынша Агенттік құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау тұжырымдамасының жобасын және реформаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлегенін атап өтті. «Реформа бойынша жұмысты үйлестіру үшін ҚР Үкіметінің жанынан құрылыс саласын реформалау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құрғанды жөн санаймыз. Ағымдағы жылы реформаны жүзеге асыруға кіріуге мүмкіндік беретін бірінші кезектегі шаралар кешенін орындау көзделіп отыр», деді отырыста С. Нокин.
Оның айтуынша, реформаның бірінші кезекті шараларын жүзеге асыруға 2010 жылы қосымша 500 млн. теңге бөлу қажет.