Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне еліміздегі жер мәселесі тақырыбы қаралады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылшаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесіне тоқталған Ж.Қасымбек, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасытаныстырылды», - деді.

Осы орайдаол аталған мәселені қоғамдастықпен талқылау тұрғысында өңірлерге сапарлау кестесібекітілгенін жеткізді.

«2019 жылдыңсоңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттыққоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенімкеңесі туралы Жарлыққа қол қойды.

Айтакетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар