«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке »Дарынды баланың қабілетін дамытудың« жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек»,- деді Тоқаев.
12:22, 02 Қыркүйек 2019
Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеу тапсырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасы әзірленеді. Мұндай тапсырма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.