Үкіметке мектепте 12 жылдық оқудың ойластырылған моделін әзірлеу тапсырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мектепте 12 жылдық оқудың ойластырылған моделін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгітаңда әлемде орта білім берудің 12 сыныпқа есептелген стандарты қалыптасыпқалған. Сондай-ақ, бастауыш мектепте оқу процесін ұзарту үрдісі де сақталып отыр. Әлем елдерінің 60-қажуығында мектептегі оқу алты жастан басталады. Бұл қадам баланы ертерекинтеллектуалдық дамуға, әлеуметке бейімделуіне ықпал етеді. Үкіметке осы реттежаңа 12 жылдық модельге ойластырылған әрі орнықты ауысымды қамтамасыз етудітапсырамын. Бұл жерде 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңамемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ойластырылған әрі орнықты» ауысымдеген сөзді ерекше атап отырмын», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Еске салакетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар