"Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп әзiрлендi. Бүгiнгi таңда жаһандық шақыртуларға байланысты энергетикадағы инвесторлардың ойын ережелерiн өзгерту қажеттiгi туындады. Қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында жекешелендiру жүрiп жатыр. Сондықтан саланың дамуына қажеттi құрылымдық өзгертулер аталмыш тұжырымдамада көрсетiлген. Онда бiрнеше блоктар бар: электр энергетикасы, уран өндiрiсi, көмiр өнеркәсiбi мұнай-газ секторы", - дедi ол.
Оның сөзiне қарағанда, электр энергетикасының нысандарына инвесторлар тартылатын болады. Осы орайда ол саланы тартымды етудiң кешендi шаралары жасалған. "Электр энергетикасы саласында тарифтiк саясаттың балансын табуға талпындық. Бұл осы салаға жеке инвесторларды тарту үшiн қажет болды. Сонымен қатар ұзақмерзiмдi тарифтер өзге салаларға тартылатын инвестициялардың келуiне де үлкен сеп болады. Ол энергетикалық саланы жаңғыртудың негiзiнде қол жеткiзiлмек. Тұжырымдамада нарықтың моделi жасалды. Энергетика саласын инвесторларға тартымды етiп жасалады. Сондай-ақ бағалардың ауытқуына да жол берiлмейдi. Осының арасында тепе-теңдiк құрылды", - дедi Ә. Исекешев.