"Отырыс барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын, сондай-ақ 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын таныстырады", - деді бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Алматыдағы Универсиаданың қорытындысы бойынша есеп береді. Сондай-ақ 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы сөз болмақ. Отырыс барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев пен "Бәйтерек" ұлттық xолдингінің төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасайтыны күтілуде.