Үкіметте әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде мәжіліс өтті

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Үкіметінде Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалық етуімен Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті, оған министрліктер мен ведомстволардың, «Самұрық-Қазына» қорының жетекшілері қатысты.

Бұл туралы pm.kz сайтында хабарланды.

Министрліктер мен ведомствлардың Үкімет қаулысымен бекітілген шаралар Жоспарын орындаудағы есептері тыңдалды. Мәжілісте Елбасы ұсынған мақсаттардың ұзақ мерзімді және стратегиялық сипаты айырықша аталып өтті. Мәжіліске ҚР Прездидентінің кеңесшісі Қ.Көшербаев қатысып, сөз сөйледі.