Үкіметте Алматы қаласы маңындағы аумақ дамуының Бас жоспарын қарау жөніндегі жұмыс кеңес болып өтті

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Үкімет үйінде Алматы қаласы маңындағы аумақ дамуының Бас жоспарын - аумақты салу жоспарының кешенді кескіндерін талқылау жөніндегі жұмыс кеңесі болып өтті,

деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бюджет үдерісін жоспарлау, салық салу, зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, ғарыштық қызметтің даму мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар талқыланды.