Үкіметте дәрі -дәрмек өндіру саласын дамыту мәселесі қаралды
18:27, 05 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру саласын дамыту мәселелеріне арналған жұмыс бабындағы кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңесте жоғары сұранымға ие дәрі-дәрмек шығаратын отандық өндіріс орындарын құру, ұзақ мерзімді негізде емдік дәрі- дәрмектерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, «СК Фармация» компаниясы қызметінің мәселелері талқыланды.К.Мәсімов тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстанда жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, көпшілік тұтынатын дәрілік құралдарға ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті кәсіпорын құру үшін жуық арада ұсыныстар енгізуді тапсырды.