Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, Қарағанды облысы әкімдігінің және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өкілдері қатысты.
Кешенді жоспарды орындау барысы қаралды, оны жүзеге асыруға қаржыландырудың барлық көздерінен 351,5 млрд. теңге көзделген. Бүгінде оның 33,4 млрд. теңгесі игерілді.
2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға 88 іс-шара енгізілген, 2012-2014 жылдардағы кезеңде олардың 13-і аяқталды.
Ұлытау ауданындағы Никольское кенішінен құрылыс тастарын өндіру ұйымдастырылды, «Жезқазған қаласының орталық ауруханасы» КМК мен «Сәтбаев қаласының қалалық емханасы» КМК медициналық жабдықтармен жарақтануы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, Жезқазған қаласындағы мамандандырылған емдеу-алдын алу кәсіпорыны, Ұлытау ауылындағы орталық аудандық аурухана медициналық жабдықтармен жабдықталып, ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді, сондай-ақ Жезқазған қаласындағы тігін өндірісі жаңартылып, кеңейтілді және басқа да жұмыстар атқарылды. 2015 жылы тағы 17 іс-шараны аяқтау күтілуде.
Кеңес қорытындысымен Б.Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдарға жоспарда көзделген іс-шараларды дер кезінде орындау жөнінде бірқатар тиісті тапсырмалар берді.