деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушылар электр энергетикасы, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібіндегі, фармацевтика саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу жайы туралы хабарламаны тыңдап, аталған жобаларды іс жүзіне асыруға бағытталған шараларды талқылады.
К.Мәсімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды және Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.