Үкіметте салық саясатын жетілдіру жөніндегі заң жобасы қаралды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасында 234 түзету көзделген, олардың ішінде: салықтық әкімшілендіру бойынша - 207 түзету, салық саясаты бойынша - 27 түзету. Ұсынылып отырған өзгерістер қолайлы кәсіпкерлік орта құруға, әлеуметтік-экономикалық даму және ағымдағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Бизнеске салықтық және әкімшілік жүктемені болдырмау мақсатында қолданыстағы қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою үшін ең төмен шекті мәнді (30 000 АЕК) 2017 жылды қоса алғанда сақтай отырып, одан әрі кезең-кезеңмен 2020 жылға дейін 15 000 АЕК-ке дейін (31,8 млн. теңге) төмендету ұсынылды.

«Салық кодексінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою туралы норманы қалпына келтіру көзделуде. Ынтымақтастықты дамытуды ынталандыру мақсатында арнайы сыйлық режимін (АСР) қолдану кезінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінде жер телмі болуы қажет деген шартты алып тастау ұсынылады», - деді министр.

Бұдан басқа, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін алдында қолданған мүліктерді жүзеге асыру қамтамасыз ететін бірыңғай жер салығын қолдану құқығын сақтау көзделген, және де асыл тұқымды малдарды мәжбүрлі сою және кемуі (өлуі) жағдайында белгіленген нормативтер шегінде ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану жоспарланған.

Заң жобасы бойынша, алкоголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына акциздердің фискалдық функциясын күшейту мақсатында акциздің мөлшерлемелері сатылап ұлғайтылады.

Қолданыстағы Салық кодексінде акциз мөлшерлемелері өлшемі 2014 -2016 жылдарға белгiленген. 2017 - 2019 жылдарға акциз мөлшерлемелері белгiленбеген. 2018 және 2019 жылдарға сатылап ұлғайтуымен 2017 жылға акциздердің мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады: алгокольдік өнімнің 1 литрі үшін: 2017 жылы - 2000 теңге 2019 жылы - 2 550 теңгеге дейін, 2016 жылға өсім 85% құрайды. Сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін: 2017 жылы 39 теңге, 2019 жылы 57 теңгеге дейін, 2016 жылға өсім 219% құрайды, темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін: 2017 жылы 6200 теңге 2019 жылы 8700 теңгеге дейін, 2016 жылға өсім 74% құрайды.

Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін денатуратталмаған этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады.
Осындай үлгі Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында бар.

Жер қойнауын пайдалануға инвестицияны ынталандыру мақсатында коммерциялық табыс болмаған жағдайда инвестициялық қаржыландыру бойынша (Carry қаржыландыру) қарыздарды есептен шығару кезіндегі табысты КТС-тан босату көзделген.

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушыларға білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаражат бөлуді ынталандыру мақсатында қазақстандық кадрлардың оқуына көзделген шегерімдері шеңберінде жұмсаған осындай шығыстарын шегерімдерге жатқызу ұсынылады.
Тағыда да бір түзету ол ұлттық операторға сатылатын газға салық салу мәселесін шешу мақсатында газ өндірудің өзіндік құнына байланыстырмай, нақты сатылу бағасы бойынша кірісті айқындау.

Бүгінгі күні Ақтау теңіз портына дейін теміржол көлігімен тасымалдау бойынша (яғни Қазақстанның шекарасы ішінде), халықаралық тасымалдауға байланысты қызметтері болып есептелмейді және корпоративті табыс салығы 12% бойынша салуға жатады.

Бұдан басқа осы Заң жобамен арнаулы маңызды концессиялық жобалары бойынша «қол жетімдігі үшін төлем» механизмін оңтайландырумен байланысты түзетулер, қабылдау және шақыруларды келісу бөлігінде ҚР СІМ және ҚР ІІМ арасында құзыреттерін аражігін ажыратуына байланысты әзірленген түзетулер, және де қолданыстағы заңнаманы алдында қабылданған заңнамалық актілермен сәйкестендіру бойынша түзетулер қарастырылған.

«Барлық нормалар 2016 жылғы 29 тамызда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды. РБК-ның қарауына шығарылған 2015-2019 жылдарға арналған бюджеттің және Ұлттық қордың шығыстарының сомасы 176 705,1 млн. теңгені құрайды.

Осымен бір уақытта, акциз мөлшерлемелерін ұлғайтудан және ҚҚС-ны сатылап төмендетуден түсетін қосымша түсімдер 237 001,1 млн. теңгені құрайды», - деп атап өтті ол.