Отырыс барысында мемлекеттік өңірлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сараптамалық кеңес мүшелері республикадағы ағымдағы жағдайға алдын ала талдау жүргізді және аталған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.
Талқылау қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев сәйкес мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірге ұсынылған ұсыныстарға терең зерттеу жүргізуді және келесі отырысқа келісілген позицияларды енгізуді тапсырды.
Еске салсақ, экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен құрылған және оның бірінші отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өтті.