«Бүгінгі Мәжілістің отырысында шаруа қожалықтары жөніндегі заң жобасын талқылау барысында бірқатар орынды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ветеринарияға қатысты сауалдар болды. Расында, бұл салада проблемалар баршылық. Соған орай мен Үкіметтің арнайы кеңесін, не болмаса осы мәселелерді қамтитын отырысты өткізу туралы тапсырма беремін», - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы вице-премьер Өмірзақ Шөкеевке аталған мәселені өз бақылауында ұстауды жүктеді. «Проблема бар. Сондай-ақ жобаны талқылау барысында депутаттар көтерген мәселені шешу қажет. Сол үшін алдағы уақытта өткізу жоспарланған осы мәселеге қатысты жиынға қатысуларыңызға болады», - деді К. Мәсімов.