Үкіметте жедел шараларды атқару үшін арнайы штаб құрылады - Кәрім Мәсімов
16:04, 28 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Үкіметте жедел шараларды атқару үшін арнайы штаб құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қорына қызметке ауысуына байланысты үкіметте міндеттерді орындау шаралары үйлестірілді. Менің шешімімен жедел басқару жұмыстары вице-премьер Әсет Исекешовке жүктеледі. Алдағы мереке күндері мен сайлау науқанына байланысты электоралдық шараларды ескере отырып, бізде тиісті штаб құрылады», - деді Премьер-Министр.
Атап айтқанда, бұл штабтың жұмысына басшылық ету вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовке жүктеліп отыр. Бұл тұрғыда штаб барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жедел шешім қабылдайтын болады.