«Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қорына қызметке ауысуына байланысты үкіметте міндеттерді орындау шаралары үйлестірілді. Менің шешімімен жедел басқару жұмыстары вице-премьер Әсет Исекешовке жүктеледі. Алдағы мереке күндері мен сайлау науқанына байланысты электоралдық шараларды ескере отырып, бізде тиісті штаб құрылады», - деді Премьер-Министр.
Атап айтқанда, бұл штабтың жұмысына басшылық ету вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовке жүктеліп отыр. Бұл тұрғыда штаб барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жедел шешім қабылдайтын болады.