«1 қарашадағы жағдай бойынша әрі күнтізбелік жоспарға сәйкес еліміздің электр стансыларында 3 энергия блокқа, 41 қазандыққа, 30 турбинаға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 қазандық пен 7 турбинаға артық», - деді ол.
Вице-миинстрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, елімізде 31755 шақырым немесе күнтізбелік жоспар бойынша 101 пайыз электр желілері жөнделген.
Сондай-ақ Б.Камалиевтің атап өтуінше, еліміздегі электр стансыларында 3,6 млн. тонна көмір мен 120 мың тоннадан астам мазут бар.