«Үкіметтен 2442 функцияның 1606-сы орталық атқарушы органдарға беру ұсынылып отыр», - деді ол.
Министрдің пайымынша, осы аражікті ажырату Үкіметтің жүктемесін азайтуға ықпал ететін болады және тиісінше мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен оны іске асыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде министрліктердің тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітуі, министрліктер өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әзірлеу және бекіту, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуі бойынша өкілеттіктерін кеңейту әрі өкілеттіктерді күшейту арқылы орталық атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру қарастырылады.
«Мәселен, әлеуметтік салада 3 кодекс пен 18 заңнамалық актіге түзетулер енгізу арқылы Үкіметтің әр түрлі қағидаларды, ережелерді, талаптарды, нысандарды бекіту бойынша 98 функциясы министрліктердің деңгейіне өтеді. Ауыл шаруашылығы саласында 227 функция, көлік, байланыс және коммуникациялар саласында 225 функция, энергетика саласында 83 функция министрлікке беріледі», - деді Е.Досаев.