Үкіметті «Самұрық-Қазынаның» жылдық бюджетін бекіту мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында қатысушылар жылдық аудиторлық жоспарды, Директорлар кеңесі жұмысының жоспарын, сонымен қатар 2017 жылға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жылдық бюджетін бекіту мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге, қатысушылар «Вокзал кешенін салуды қоса алғанда, Астана қаласында теміржол торабын дамыту» инвестициялық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, Астанадағы жаңа темір жол вокзалының құрылысын келесі жылдың наурыз айында аяқтау жоспарда бар. Алдын-ала бағалау бойынша, вокзалдың жолаушылар ағыны жылына шамамен 12 млн адамды құрайтын болады.