деді бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ол Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтар тарапынан көтерілген бастамаларды жүзеге асыруға әзір екендігін атап өтті.
«Бұл орайда екіжақты бірлескен қимылдардың болашағынан зор үміт күттіретіні - ұлтаралық, конфессияаралық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға, қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар», деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар өздерінің қызмет ауқымын кеңейткендері де жөн. Өйткені қазір аталмыш ұйымдардың өкілдері тек ірі қалаларда ғана белсенді қызмет етуде.