Үкіметтік емес ұйымдар бас қосып, дәрі-дәрмектердің бағасын реттемек
14:11, 09 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - «12 желтоқсанда Астанадағы «Бейжің сарайында» Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырыстарды орындау мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді»,
деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында елдегі бірқатар фармацевтикалық компания өкілдерімен медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуге орай меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда аталған құжат әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары жиі қолданатын дәрі-дәрмектер бағасының бірыңғай әрі нақты деңгейін белгілеу болып табылады.