деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Ата заңымен кепілденген құқықтардың бірі - азаматтардың бірлесу еркіндігі. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бүгінгі таңда Қазақстанның азаматтық секторы Үкіметтің, биліктің лайықты әріптесі болып отырғандығын ерекше атап өткім келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасы Н.Назарбаевтың қоғамды демократияландыру саясатының арқасында, елімізде көптеген игілікті істер атқарылды. Соның ішінде, кейінгі жылдардың белесінде Қазақстанда мемлекеттік емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасты. Бір сөзбен айтқанда, ҮЕҰ биліктің сенімді әріптесіне айналды», - деп атап өтті ол.
Министрдің айтуынша, қоғамдағы әртүрлі игілікті істермен айналысып отырған ҮЕҰ-ларға билік тарапынан қолдау көрсету үшін Қазақстанда, ең алдымен, заңнамалық база жетілдіріліп, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңы қабылданды.
«Осы Заңның шеңберінде мемлекеттік емес секторға мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Бұл билік пен мемлекеттік емес сектордың арасында тамаша әріптестік орнатуға негіз болды. Осының барлығы Қазақстан қоғамының барған сайын демократияландырылып келе жатқандығынын айқын дәлелі деп айтуға толық негізіміз бар. Міне осының арқасында Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелі отыр», деді ведомство басшысы.