Оның айтуынша, осыған дейінгі заң жобаларында қоғамдық бірлестік құру үшін кемінде он адам болуы қажеттігі көрсетілген болатын. Осыны үш-төрт адамға дейін төмендетсе де болар еді. «Менің басты ойым - кез келген қоғамдық ұйымда волонтерлік қызметті дамыту қажет. Сондай-ақ қазіргі кезде діни мәселелер қоғамда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Осыған орай әріптестеріммен ой бөліссем деймін», деді Л.Шағатай.
17:07, 06 Қазан 2011
Үкіметтік емес ұйымдар туралы нақты заң қабылданса - Л.Шағатай, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрайымы
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Үкіметтік емес ұйымдар туралы нақты заң қабылдануы керек. Бұл туралы Астанада басталған бесінші Азаматтық форумға қатысып жатқан «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрайымы, Батыс Қазақстан облысынан келген Ләззат Шағатай мәлім етті.