Екіжақты бірлескен қимылдарға қатысты ерекше атап өтуге тұрарлық мәселе, біз үкіметтік емес ұйымдардың арқасында темекі шегу мен спиртті ішімдіктерді шектен тыс пайдалануға ерекше тосқауыл қоя алдық», деді Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, Кодекс аясында жүзеге асырылуы тиіс шараларға 12-ден астам үкіметтік емес ұйымдар қамтылған. «Жалпы біз биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, дөңгелек үстел отырыстары, баспасөз мәслихаттары сияқты көптеген шаралар атқардық. Сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдармен 10-нан астам меморандумдарға қол қойдық. Онда екіжақты бірлескен қимылдар барысында қай органға қандай мәселе жүктелетіндігі нақты көрсетілген. Бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға бағытталған соңғы шаралар емес», деді Ж.Досқалиев.