Үкіметтік емес ұйымдардың «ASAR» республикалық форумы биыл Павлодарда өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметті емес ұйымдар-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ Республикалық форумы биыл Павлодар қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҮЕҰ-бизнес-мемлекетсеріктестігінің «ASAR» IIІ республикалық форумы Павлодар қаласында 21-22тамызда өтеді.

Форум жергіліктіқоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор жәнемемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.

Форум «әр жылы –жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде, бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлікконтекстті толығымен зерделеумақсатында үш жақты ынтымақтастыққарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда,екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген.

Форум жұмысынабизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының,орталық және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, форум жұмысы 4 бағытта: SOCIAL – ASAR«Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR«Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланыңинновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтікқоғам уақыты» өткізіледі.

Екі күндік форумшеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбындапленарлық отырыс өткізіледі.

Оның аясында үшжақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестицияларбағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуғаәлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, шеберліксабақтары, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер»интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қоюжоспарланған.

Сонымен бірге,алғаш рет «ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберіндефорум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатынболады.

Сондай-ақ, платформада ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының конкурсы өткізілді. 144 өтінімніңішінен ҮЕҰ-ның
100 жобасы үздік деп танылды. Форум барысында аталған жобалардың таныстырылымынөткізу жоспарлануда.

Әрбір тілекбілдіруші форум жұмысына онлайн-тіркеуден өтіп қатыса алады.

Форумның ҚазақстанРеспубликасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Павлодар облысыныңәкімдігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырады.

Форумның негізгісеріктестері Eurasian Resources Group (ERG), Конрад Аденауэр атындағы қор және «Атамекен»ҰКП.

Соңғы жаңалықтар