Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі Мәжіліс депутаттарының қолына тиді

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі келіп түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ел қаражатының орындалуы жөніндегі Үкімет есебі үш тараудан тұрады. Қаржының кірістері мен шығыстары жан-жақты түсіндіріліп, салыстырма кесте түрінде көрсетілген. 2008 жылы республикалық бюджеттің кірістері 3 трлн. 317 млрд. 601 млн. 906,9 мың теңге көлемінде атқарылды. Бұл жоспардың 99,6 пайызы орындалғанын көрсетеді. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 2 трлн. 071 млрд. 407 млн. 261,8 мың теңге жиналып, бұл көрсеткіш жоспардың 98,5 пайызын құрады.Ал салықтық емес түсімдер бойынша 72 млрд. 844 млн. 066,2 мың теңге түскен бұл жылдық жоспардың 140,6 пайызға орындалғанын көрсетеді.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 8 млрд. 575 млн. 673,6 мың теңге жиналып, жоспар 100,4 пайызға орындалды.Трансферттердің түсімдері бойынша 1 трлн. 164 млрд. 774 млн. 905,3 мың теңге жиналды және де осы сала бойынша жоспар 99,9 пайыз нәтижемен жүзеге асты.Шығыстар бойынша қаражат көлемі 2 трлн. 703 млрд. 567 млн. 138,0 мың теңгені құрап, жоспар 99,5 пайызға орындалды.