Үкіметтің биылғы соңғы отырысы заң жобаларын қарауға арналады
09:59, 27 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі бүгін 2016 жылдағы соңғы отырысын өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрлер кабинеті Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты төрағалығымен бүгін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарының орындалу барысын талқылайды.
Сондай-ақ, бүгінгі отырыста ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының жобасы қаралмақ.