Үкіметтің болжамы бойынша 2012 жылы ІЖӨ 6 пайыз деңгейінде болады

None
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат  - Біздің болжамымыз бойынша 2012 жылғы жалпы өнімнің нақты өсімі 6 пайыз деңгейін құрайды.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Экономика өсімі халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға өз септігін тигізеді. Бұл ретте жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім болжам бойынша 12,5 мың долларды құрайды. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің өсімі 2012 жылғы нақтыланған бағалау бойынша 3,9 пайызға жетеді», - деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, 2012 жылы құрылыс саласындағы өсім 2,9 пайызға артатыны, ал сауда саласындағы көрсеткіш 12,7 пайызды еңсеретіні болжанып отыр.