Бұл туралы агенттік тілшісіне сұхбат берген «Экономикалық даму институты» АҚ президентінің міндетін атқарушы Жәмила Бопиева айтты.
2008 жылдың соңында қабылданған аталмыш бағдарламаның 2009-2010 жылдарға есептелінгенін баса айтқан ол: «Сол бір аралықта елдің ішінде де, сырттан да өте көп сын болды. Көпшілігі жоспарды жүйесіз әрі жекелеген шаралары үзік-үзік десе, шетелдік сарапшылар Қазақстанның қаржы жүйесі әлемдік қаржы жүйесімен басым түрде интеграцияланғандықтан дағдарыстан шығуы өте қиын болатындығын болжады», - деді.
Дегенмен қазіргі уақытта еліміздің экономикасы дағдарысқа дейінгі кезеңдегі қарқынына қайта оралғанын айтқан Ж.Бопиеваның пікірінше, оған өткен жылдың қорытындысы бойынша 7 пайыздан астам өсім көрсеткен жалпы ішкі өнім көрсеткіші дәлел бола алады.