Үкіметтің Қаулысымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілді

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы қыркүйектің 14-індегі №935 Қаулысымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойған Қаулының толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланып отыр.