Үкіметтің қаулысымен шетел азаматтарының ҚР-да болуын құқықтық реттеу мәселелері туралы қаулыға өзгертулер енгізілді
***
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 28-індегі №136 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 28-сіндегі «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың болуын құқықтық реттеудің кейбір мәселелері» №136 қаулысына (ҚР ҮҚАЖ, 2000 ж., №4, 55-бап) мынадай өзгертулер енгізілсін:
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы туралы көрсетілген қаулыда бекітілген ережелерде:
екінші абзацтың 15-тармағындағы «тоқсан тәулік, одан әрі осындай мерзімге өзгертілуі мүмкін» деген сөздер «отыз тәулік, Кеден оағы елдері азаматтары үшін тоқсан тәулік, одан әрі осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін», деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлгіне белгіленген тәртіппен дипломатиялық арналар арқылы шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарына қабылданған шралар туралы хабардар ету жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен төрт күнтізбелік күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ