Үкіметтің селекторлық кеңесінде ауыз су мәселесі қаралатын болды

АСТАНА Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шілденің 12-сі күні Үкіметте өтетін селекторлық кеңесте ауыз су мәселесі қаралады.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Өз сөзінде Үкімет басшысы Министрлер кабинетіне аталған мәселе бойынша жан-жақты дайын болуды тапсырды.