Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 404 қаулысы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамына "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 100 %-ын "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |