ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымын тоқтатты
11:46, 16 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті.
Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.
— Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған. Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Осыған дейін ҰҚК Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойғанын жаздық.