ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті заңсыз көші-қонға қатысты тексеруді бастады
09:50, 20 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.
«Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді.
Ешкім де ұсталмады.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - делінген ҰҚК хабарламасында.