Еске сала кетейік, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық арнаулы қызмет - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы жарлыққа қол қойған.
ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі білдіретін ықыласы мен қолдауының арқасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы кезең аралығында мемлекет мүддесі мен өңірлік қауіпсіздік негіздері шебін нық қорғайтын заманға лайық, тиімді арнаулы қызметке айналғандығын баса айтты.
Сондай-ақ қазіргі күрделі жағдайда ҰҚК органдары алдында Елбасы жариялаған институционалдық реформаларды жүзеге асыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды міндеттер тұрғандығын жеткізді.
ҰҚК Төрағасы ардагерлер мен құрметті қонақтар алдында арнаулы қызметтің ең үздік қызметшілері мен озат әскери қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттады. Салтанатты іс-шара ҰҚК туын көтеру және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранын орындау рәсімімен аяқталды.