Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шындығында Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.
«Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырамыз»,-делінген хабарламада.