ҰҚК қызметкерлері Алматы мен Павлодарда арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару сатқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың қатарында шет ел азаматтары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК Жамбылоблысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқаншетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кескен.

«Биыл 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаментіжәне ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операцияөткізіп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» ісі бойыншаөтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров»тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды», делінген хабарламада.

Қазір, ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқадейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар