«Жүргізілген тәуелсіз медициналық тексерулер нәтижесінде Н.А.Жоламановта оның тергеу оқшаулағышына қамалуына кедергі болатын дерттердің жоқ екені анықталды. Ол кездесуге шығу, күнделікті серуендеу, сәлемдемелер алу, медициналық-санитарлық көмектер алу тәрізді мүмкіндіктерде шектелмеген», - делінген хабарламада. ҰҚК мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Н.А.Жоламановқа қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, түрлі коммерциялық құрылым өкілдерінен пара алды деген 13 эпизод бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды. «Қазіргі уақытта Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 275-бабына сәйкес айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық істің материалдарымен таныстыру жүргізілуде. Сонымен бірге оларға қылмыстық істің барлық материалдарының көшірмелері оның қосымшаларымен тапсырылды», - деп көрсетілген хабарламада. Еске сала кетейік, Нұрлан Жоламанов 2014 жылдың 27 қазанында ұсталды. Ақмола гарнизонының әскери соты оны 27 желтоқсанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.
19:28, 15 Желтоқсан 2014
ҰҚК: Н.Жоламановтан оны қамауға алуға кедергі болатын сырқаттар табылмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер ҚР Шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановтан оның ҰҚК-нің тергеу оқшаулағышына қамалуына кедергі болатын сырқаттарды таппады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.