ҰҚК Сауд Арабиясынан діни алауыздықты қоздырушы азаматты елге қайтарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Сауд Арабиясынан Қазақстанға республика азаматы А. Абдужаббаровты қайтарды. Ол 2015 жылдан бастап, Қылмыстық кодекстің 174 (діни алауыздықты қоздыру) және 256 (терроризмді насихаттау) баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды ҚҚК-нің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары шеңберінде оған қатысты тұтқында ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.

Тергеу ақпараты бойынша, Абдужаббаров 2000 жылдары Қазақстанның батыс облыстарының діндарлары арасында «тәкфір» идеясын таратқан.

Оның осы теріс әрекеттері әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен.

Оның кейбір ізбасарлары тіпті елімізде террористік акцияларды ұйымдастыру әрекеттеріне қатысқан, кейбірі содырлардың топтарына қосылу үшін Ауғаныстан мен Сирияға кеткен.

Абдужаббаров 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында болып, Қазақстандағы мұсылмандар мен шетелде оқып жатқан студенттерге ықпал етуін жалғастырған.

Алайда, 2015 жылдың желтоқсанында экстремистермен байланысы бар күдікті ретінде Медина қаласында полицияның қолына түскен. 2016 жылдың қазанында Түркияға шығарылып, ол жақта саяси баспана беруден бас тартылып, Сауд Арабиясына қайтарылған.

«Тәкфірді» ұстанушылар алдымен мұсылмандарды күпірлік жасады деп айыптайтыны белгілі. Олар «кәпірлерге» қатысты кез-келген әрекетке, тіпті кісі өлтіруге де рұқсат етеді.

Осыған орай аталған идеология ислам әлемінде басты қатерлердіңдің бірі ретінде қарастырылады.