ҰҚК Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды
12:08, 10 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен әрекеттесе Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
— Бірлескен әрекет нәтижесінде 10 килограмнан астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады, — делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын жою бойынша іс-шаралар жалғасады.