Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот санкциясымен сауда орындары қоршауға алынды. Арнайы операция кезінде елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер табылған. Оның ішінде салафит мазмұны бар, сондай-ақ электронды ақпарат тасығыштардың айтарлықтай саны тәркіленген.
«Болжамы бойынша, салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларда деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.