ҰҚК темекі контрабандасының жолын кесті
11:36, 31 Қаңтар 2024
АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде құжатсыз алып өтпек болған темекінің ірі партиясының жолын кесті. Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі мәлім етті.
Шекаралық бақылау барысында 9 млн. теңгеден артық сомаға бағаланатын темекінің ірі партиясы анықталған.
Ұсталған жүк тергелуі бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілді.